Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Инклюзия қоғамының дамуына жәрде... 13 сәуір, 2026 Қарағанды облысы

Қарағанды облысында балаларға паллиативтік көмек көрсету жүйесі дамып келеді

Қазақстан Президентінің инклюзивті қоғам құру жөніндегі тапсырмасы аясында ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Соның маңызды бағыттарының бірі — Қарағанды облысында алғашқы Үлгілі балалар паллиативтік орталығын салу жобасы.

Қарағанды облысында балаларға паллиативтік көмек көрсету жүйесі дамып келеді

Еліміз Президентінің ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға басымдық берілген инклюзивті қоғам құру жөніндегі тапсырмасы аясында Қазақстанның Балаларға паллиативтік көмек көрсету қауымдастығы ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Бүгінде маңызды бағыттардың бірі — «Қарағанды облысында алғашқы Үлгілі балалар паллиативтік орталығын салу» жобасын жүзеге асыру.

2025 жылдың соңында Қазақстанда балаларға паллиативтік көмек көрсету стандарты бекітілді. Бұл — соңғы 30 жыл ішінде алғаш рет қабылданған бірыңғай стандарт. Аталған құжат паллиативтік көмекке мұқтаж балаларға сапалы қызмет көрсету жүйесін дамытуға негіз болады.

Келесі маңызды кезең — жаңа стандарт аясында дәрігерлерді, әлеуметтік және медициналық қызметкерлерді оқыту. Оқыту Қарағанды медицина университетінің базасында өтеді. Аталған оқу орнында балалар паллиативі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелері осы стандарттың негізіне айналды.

«Қазақстан Халқына» қорының және Басқарма төрайымы Ләззат Чинкисбаеваның қолдауының арқасында Қарағанды облысының 150 дәрігері арнайы оқытудан өтеді.

Сонымен қатар Қарағанды облысы әкімдігінің және облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қолдауын ерекше атап өткен жөн. Облыстық мәслихаттың, «Қазақстан Халқына» қорының және Қазақстанның Балаларға паллиативтік көмек көрсету қауымдастығының бірлескен жұмысы бұл бағыттағы маңызды бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Бірлескен күш-жігердің арқасында паллиативтік статусы бар балалардың мәселелерін жүйелі түрде шешіп, оларға және олардың отбасыларына сапалы, уақтылы әрі кәсіби көмек көрсетуге мүмкіндік туады деп сенеміз.

Бұл бағытта Оспанова К.Б. үлкен еңбек атқарды. Оның жұмысы өңірдегі балалар паллиативтік көмегін дамытуда маңызды рөл атқарады.

Тегтер
Инклюзия қоғамының дамуына жәрдемдесу Психологиялық қызмет институтының жұмыс істеуіне жәрдемдесу Әйелдердің денсаулығын және отбасы институтын нығайтуға көмектесу

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

24 мамыр, 2026

Болашақ көшбасшылығы: цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа мүмкіндіктер

Nazarbayev University қабырғасында EMBA бағдарламасы аясында «Көшбасшылық 5.0: корпоративтік басқарудағы цифрл...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

3 маусым, 2026

Әйелдер қанаты психологиялық қызметті дамытуға қолдау көрсетеді

Достық үйінде өткен «Психология NEXT» өңірлік конгресінде психологтар жасанды интеллект дәуіріндегі психикалық...