Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 25 мамыр, 2026 Қызылорда облысы

Көпбалалы және жас аналардың қатысуымен «Отбасылық құндылық: тәрбие тал бесіктен!» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Руханият» орталығында Қазалы аудандық Отбасын қолдау орталығы мен партияның аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен көпбалалы және жас аналардың қатысуымен «Отбасылық құндылық: тәрбие тал бесіктен!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасының қоғамдағы рөлін насихаттау, ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндіру және бала тәрбиесіндегі отбасының орны туралы пікір алмасу.Жиынды аудандық әйелдер кеңесінің және Әйелдер қанатының төрайымы Роза Асанова ашып, қатысушыларды 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен құттықтады. Шара барысында «Медицина саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, көпбалалы ана, кәсіпкер Гүлзат Ешмұратова мен қолөнер шебері, көпбалалы ана Нағима Майлыбаева өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасының басты құндылығы – рухани бірлік, өзара құрмет пен сыйластық екенін атап өтті. Дөңгелек үстелде қатысушылар отбасы бірлігі, ұлттық тәрбие, ананың бала тәрбиесіндегі рөлі мен қоғамдағы сыйластық мәдениеті жайында тағылымды ойларын ортаға салды.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...