Көшбасшы әйел: мүмкіндіктер мен жетістіктер
Сауран ауданы AMANAT партиясы Сауран аудандық филиалының жанынан құрылған Әйелдер қанатының төрайымы Т. Ерімбет пен Сауран аудандық отбасын қолдау орталығының басшысы А. Канетованың ұйымдастыруымен «Көшбасшы әйел: мүмкіндіктер мен жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараны Сауран аудандық Әйелдер қанатының жетекшісі Ерімбет Тамара ашып жүргізді. Шараға ауданның көшбасшы мектеп директорлары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстел барысында Әл Фараби жалпы білім беретін мектебінің директоры М. Мамадалиева мен Сауран жалпы білім беретін мектебінің директоры Г. Каражанова көшбасшылық қасиеттері, кәсіби даму жолдары мен жетістіктері жайлы бөлісіп, қазіргі қоғамдағы әйелдердің жетістіктері жайлы ойларын ортаға салды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, өзекті мәселелерді көтеріп, тың ұсыныстарын ұсынды.
Іс-шара мазмұнды әрі әсерлі өтіп, әйелдердің қоғамдағы орнын нығайтуға және олардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Көшбасшы әйел – қоғамның тірегі, болашақтың бағыттаушысы!



