Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 7 сәуір, 2026 Қызылорда облысы

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

“Бақытты отбасы” жобасы аясында Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен “Жақсықылыш” бастауыш партия ұйымында “Отбасындағы сыйластық” тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті. Тағылымы мол шараның басты мақсаты – қоғамдағы отбасы институтының рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру болды.

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін “Бақытты отбасы” жобасы аясында Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен “Жақсықылыш” бастауыш партия ұйымында “Отбасындағы сыйластық” тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел отырысы өтті. Тағылымы мол шараның басты мақсаты – қоғамдағы отбасы институтының рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру болды.

Кездесуге көпбалалы аналар, сала мамандары мен ауыл тұрғындары қатысып, отбасындағы татулық пен өзара сыйластықтың маңызы жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара барысында отбасы – қоғамның іргетасы екені, әрбір шаңырақтағы бірлік пен береке елдің тұрақты дамуына тікелей әсер ететіні ерекше атап өтілді.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған спикерлер ұлттық салт-дәстүрлердің тәрбиелік мәніне тоқталып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтудың жолдарын жан-жақты талқылады. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтарының өзгеруі, жастар тәрбиесіндегі өзекті мәселелер, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ізгі қасиеттердің маңызы кеңінен сөз болды.

Қатысушылар өзара пікір алмасып қана қоймай, өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасындағы түсіністік пен сыйластықты сақтаудың тиімді тәсілдерін ұсынды. Сонымен қатар, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жауапкершілігі, сенім мен қолдаудың маңыздылығы ерекше назарға алынды.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...