«ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» қосалқы жобасы
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9 және 11-сынып түлектерін қолдауға бағытталған «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» қосалқы жобасы ресми түрде бастау алды. Жобаның басты мақсаты — ерекше балалардың мектеп бітіргеннен кейін әлеуметтік оқшауланып қалмауына жол бермей, оларды сапалы кәсіптік біліммен және кепілді жұмыс орнымен қамтамасыз ету.
«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының жұмысы аясында ерекше түлектерге арналған жаңа жобаны іске қосты
«Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 9 және 11-сынып түлектерін қолдауға бағытталған «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК» қосалқы жобасы ресми түрде бастау алды. Жобаның басты мақсаты — ерекше балалардың мектеп бітіргеннен кейін әлеуметтік оқшауланып қалмауына жол бермей, оларды сапалы кәсіптік біліммен және кепілді жұмыс орнымен қамтамасыз ету.Бұл жүйе тұңғыш рет Колледж + Жұмыс беруші + Студент арасындағы арнайы үшжақты келісімшарт механизмі арқылы жүзеге асады. Осы арқылы ерекше жастар мемлекеттік тапсырыспен сұранысқа ие мамандықты тегін оқып, серіктес кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді және оқуды аяқтаған бойда бірден жұмысқа орналасады.
«AMANAT» партиясы бұл процесте толықтай жүйелі интегратор қызметін атқарып, әрбір түлекті кәсіптік бағдар беруден бастап, жұмысқа тұрған сәтіне дейін толық жетектеп отырады. Сонымен қатар, қатысушылардың өзара қолдауы мен тұлғалық дамуы үшін арнайы «Жоба қатысушыларының қауымдастығы» құрылып, мотивациялық кездесулер мен тренингтер өткізіледі.