Шынайы істер — адам тағдырын өзгертеді
«AMANAT» партиясының жобалары — жай ғана есеп үшін өткізілетін шара емес. Бұл — адамдарға қолдау көрсетіп, үміт сыйлайтын, жаңа мүмкіндік ашатын нақты істер. «Шексіз мүмкіндік» жобасы адамдарға сенім, мамандық және жаңа өмір бастауға жол ашады.
Кейде «AMANAT» партиясының жобалары туралы ерекше айтқың келеді. Өйткені бұл жай ғана есеп үшін өткізілетін шаралар емес. Бұл — адамдарға шынайы көмек көрсетуге, қолдау білдіруге және үміт сыйлауға деген ниет.
«Шексіз мүмкіндік» жобасы — сондай бастамалардың бірі. Жоба аясындағы отырыста 8 меморандумға қол қойылып, адамдарға жаңа мүмкіндік беру бағытындағы нақты жұмыстар басталды.
Алайда бұл жобаның ең басты құндылығы — адам тағдырлары мен шынайы өмір оқиғалары.
Кездесу барысында колледж түлегі бір жас жігіт 2022 жылдан бері жұмыс таба алмай жүргенін айтты. Сол сәтте-ақ жұмыс берушілердің бірі оған қолдау білдіріп, жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынды. Енді ол қайта даярлау курсынан өтіп, жақын арада жұмысқа кіріседі.
Осындай сәттерде партияластарымыздың күн сайын қаншалықты ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарып жүргенін терең түсінесің. Көптеген игі істер ешқандай дабырасыз, шынайы жанашырлықпен және адамдар үшін жасалады.
Мүмкін, біз осындай нақты істер мен адам тағдырлары туралы көбірек айтуымыз керек шығар. Себебі әрбір жобаның артында қолдау, сенім және ештеңе талап етпей көмектесуге деген ниет тұр.
Біз бір кезде партия қатарына атақ үшін емес, қоғамға, елге және адамдарға пайдалы болу үшін келген едік.