«#SKOOTBASY» отбасылық бейнебайқауы
Отбасылардың халықаралық күніне орай бейнебайқау басталды. Қатысушылар қысқа бейнеролик форматында өз отбасы туралы тарихын баяндай алады.
Халықаралық отбасы күніне орай отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы институтын нығайту мақсатында «#SKOOTBASY» отбасылық бейнебайқауы басталды.
Қатысушыларға ұзақтығы 2 минутқа дейінгі қысқа бейнеролик түсіріп, өз отбасы туралы тарихын баяндау ұсынылады.
Қатысу форматы:
Бейнероликті Instagram-дағы ашық парақшада #SKOOTBASY хэштегімен жариялау қажет.
Өткізу мерзімі:
2026 жылғы 25 мамырға дейін (қоса алғанда).
Шығармашылық форматтар құпталады:
- шағын фильм
- отбасылық сұхбат
- өмірдің әсерлі сәттері
- бірнеше буын тарихы
- отбасылық дәстүрлер туралы видеолар
- шабыттандыратын және әлеуметтік мазмұндағы роликтер
Байқау номинациялары:
- «Ең шабыттандыратын отбасы»
- «Отбасылық дәстүрлер»
- «Шығармашылық көзқарас»
- «Ұрпақтар сабақтастығы»
- «Балалар көзімен отбасы»
Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы мен марапаттау рәсімі 2026 жылғы 28 мамырда өтеді.
Бұл байқау мықты отбасы – күшті қоғамның, махаббаттың, қолдаудың және ел болашағының негізі екенін көрсетуге бағытталған.