Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 16 ақпан, 2026 Қызылорда облысы

«ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ» семинары өтті

«ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ» семинары өтті

Аудандық Әйелдер қанатының бастамасымен «Руханият» орталығында «Жаһандану дәуіріндегі бала тәрбиесі және ата-ананың рөлі» тақырыбында тағылымы терең, мазмұнды психологиялық семинар ұйымдастырылды.

Іс-шараны тәжірибелі психолог, аудандық филиал жанындағы Әйелдер қанатының мүшесі А.Тлеумбетова жүргізіп, заманауи қоғамдағы бала тәрбиесінің өзекті мәселелеріне тоқталды. Қатысушылар бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен рөлін жаңа қырынан түсініп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Семинар барысында түрлі танымдық тренингтер мен практикалық жаттығулар өткізілді:

🔹       «Көбелектің қанаты» тренингі арқылы ата-аналар әрбір сөз бен әрекеттің баланың болашағына әсер ететінін ұғынып, бала жанының нәзіктігін терең сезінді.

🔹       «Екі буын» жаттығуында дәстүрлі және заманауи тәрбиенің тиімді тұстары сараланып, оларды үйлестіру жолдары талқыланды.

🔹       «Бақытты ата-ана көйлегі» жаттығуы ата-ананың ішкі күйі мен көңіл-күйі бала тәрбиесіне тікелей әсер ететінін көрсетті.

🔹       «Гаджет келісімшарты» барысында ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сенімге негізделген цифрлық тәртіп қалыптастырудың маңызы айтылып, арнайы келісім үлгісі ұсынылды.

Семинар ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, жаңа көзқарастар қалыптастырды.

Саналы ұрпақ – сапалы тәрбиеден бастау алады. Бірге дамып, болашақ үшін бірлесе еңбек етейік!

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
18 қазан, 2026

ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН БІР МАҚСАТТА ТОҒЫСТЫ

Жамбыл облысы Шу ауданында әйелдер денсаулығын қолдауға арналған «Әйел өмірі үшін» атты жүгіру өтті.

18 қазан, 2026

«Әйел өмірі үшін: сүт безі обырының алдын алу марафоны»

"Әйел өмірі үшін" ақпараттық айлығы аясындағы марафон Қордай ауданында жалғасты

8 мамыр, 2026

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

7 наурыз, 2026

ӘЙЕЛ ЕҢБЕГІ – ЕЛ МЕРЕЙІ

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

1 сәуір, 2026

Петропавл қаласында «Vildana Studio» сұлулық салонының иесі Вильдана Қожахметова «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында тегін курс ұйымдастырды.

Петропавлда «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының мүшесі, «Vildan...