Жастармен кездесу өтті
«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының мүшесі Гүлмира Отыншина жастармен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік қолдау және отбасылық құндылықтар туралы ақпарат берді.
«AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының мүшесі Гүлмира Отыншина жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шарада отбасы құндылықтарын нығайту, есірткі заттарының зиянын түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі бағыттары мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесудің басты мақсаты — жастардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Осындай кездесулер жастардың болашаққа сеніммен қарап, өмірлік маңызды шешімдерді саналы түрде қабылдауына ықпал етеді.