Әйелдерге құқықтық көмек көрсету жалғасуда
11 ақпан күні жасалған меморандум аясында Әйелдер қанатына жүгінген әйелдерге заңгерлік кеңес беру және құқықтық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгін, 11 ақпан күні, жасалған меморандум аясында біздің заңгеріміз Айсұлу Жұмақаева Әйелдер қанатына кеңес пен құқықтық сүйемелдеу үшін жүгінген әйелдерді қабылдауда.
Қиын жағдайда әйел адамның мәселесімен жалғыз қалмауы өте маңызды. Оның жанында тыңдайтын, түсіндіретін, қолдау көрсететін және құқықтарын қорғауға көмектесетін маман болуы қажет.
Барлық консультациялар тегін негізде жүргізіледі. Бұл — біздің ұстанымымыз. Көмек әр адамға қолжетімді болуы тиіс.
Біздің мақсат — есеп үшін жұмыс істеу емес, нақты көмек көрсетіп, адамдардың мәселесін шешуге ықпал ету.