Басты бет Тарихы Әйелдер қанатының құрылымы Жаңалықтар Байланыс
Қазақша | Орысша
Тіркелу
Әйелдердің денсаулығын және отба... 15 мамыр, 2026 Қарағанды облысы

Берік отбасы — қуатты қоғамның негізі

Жоба отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балаларды қолдауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, жауапты ата-аналық мәдениетті қалыптастыруға және мемлекет пен қоғамның бірлескен жұмысы арқылы балалар үшін қауіпсіз орта құруға бағытталған.

Берік отбасы — қуатты қоғамның негізі

15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай Қарағанды қаласында «Отбасын қолдау және қорғау: мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-қимылы» тақырыбында кеңейтілген ведомствоаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балаларды қолдау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара тиімді іс-қимылды күшейту мәселелерін талқылау болды.

Дөңгелек үстел барысында өңірде жүзеге асырылып жатқан қалалық және облыстық бағдарламалар аясындағы әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының ана мен бала құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған бастамалары таныстырылды.

Қатысушылар келесі мәселелерге ерекше назар аударды:

  • жауапты ата-аналық мәдениетті қалыптастыру;
  • отбасылық қолайсыздықтың алдын алу;
  • отбасыларға психологиялық қолдау көрсету;
  • жасөспірімдер арасындағы буллинг пен агрессияның алдын алу;
  • отбасы құндылықтарын нығайтудағы білім беру саласының рөлін арттыру.

Кездесу қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарына отбасы этикасы мен психологиясы сабақтарын енгізу, балалар тәрбиесіне ата-аналардың жауапкершілігін күшейту және жасөспірімдер ортасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірленді.

Қатысушылар берік отбасы — тұрақты қоғам мен ел болашағының басты негізі екенін атап өтті.

Тағы жаңалықтар

Барлығын көру
23 маусым, 2026

Жаңа бастамалар мен нақты істер алаңы

Сарысу ауданында өткен Әйелдер қанатының отырысында әйелдердің көшбасшылығын дамыту, қоғамдық белсенділігін ар...

16 маусым, 2026

«Айша бибі» көшбасшылық мектебінде кезекті семинар өтті

Өңірлік «Айша бибі» көшбасшылық мектебінің семинарында белсенді әйелдер көшбасшылық, командамен жұмыс, көпшілі...

22 мамыр, 2026

«AMANAT» партиясының әйелдер қанаты She Impact Kazakhstan жобасына қатысты

«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының өкілдері әйелдер және әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға, заманауи технолог...

24 мамыр, 2026

Болашақ көшбасшылығы: цифрландыру, жасанды интеллект және жаңа мүмкіндіктер

Nazarbayev University қабырғасында EMBA бағдарламасы аясында «Көшбасшылық 5.0: корпоративтік басқарудағы цифрл...

14 мамыр, 2026

«АНАЛАР АМАНАТЫ» СӘУКЕЛЕ ШЕРУІМЕН АЙШЫҚТАЛДЫ

⚜️«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен партияның «Ұлттық мұр...

19 наурыз, 2026

"ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ – РАМАЗАН ШУАҒЫ" ФОРУМЫ

19 наурыз күні Қарасу ауылдық округі әкімдігі мен "Amanat" партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы Әйелдер...