«Мамандықтағы әйел және оның еңбек жолы»: №1 гимназия оқушыларымен кездесу
"AMANAT" партиясы Әйелдер қанатының мүшелері №1 гимназия оқушыларымен кездесіп, кәсіби бағдар, көшбасшылық және жеке даму тақырыптарында ашық әңгіме өткізді. Кездесу барысында оқушылар еңбек жолы, қоғамдық қызмет және мақсатқа жетудегі табандылықтың маңызы туралы пікір алмасты.
“AMANAT” партиясы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен №1 гимназия оқушыларымен «Мамандықтағы әйел және оның еңбек жолы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу жылы әрі еркін форматта ұйымдастырылып, оқушылармен маңызды тақырыптар төңірегінде ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді. Әңгіме барысында өмірлік жолды таңдау, мамандыққа адалдық, өзін-өзі дамыту, мақсат қою және өз күшіне сенудің маңыздылығы сөз болды.
Қатысушыларға кәсіби қызмет пен қоғамдық жұмыстардың ерекшеліктері туралы айтылып, кез келген жетістіктің артында үлкен еңбек, жауапкершілік және өз ісіне деген сүйіспеншілік жататыны атап өтілді. Оқушылар кездесуге белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашаққа қатысты ойларымен бөлісті.
Бүгінгі жастардың өзін-өзі дамытуға, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға деген қызығушылығы ерекше қуантады. Осындай білімді әрі талапты жастар еліміздің ертеңгі дамуына үлес қосатын білікті мамандар, кәсіпкерлер, басшылар және қоғамның белсенді мүшелері болатыны сөзсіз.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың өз мүмкіндіктеріне деген сенімін арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға және болашаққа нық қадам жасауына ықпал етеді.
№1 гимназия оқушыларына ашық әңгіме, қызықты сұрақтар және белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз.